Шымкенттің бас дәрігері бүлдіршіндердің тұсауын кесті

0
1 325

Жарық дүние есігін ашқаннан жылу мен мейірімге сусаған сәбилерге ұлттық салт- дәстүр бойынша барлық жоралғы жасалды.


Шымкенттің бас дәрігері бүлдіршіндердің тұсауын кесті

Шымкенттегі мамандандырылған бөбектер үйінде шілдехана, тұсау кесер тойы өтті, деп хабарлайы ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев туғаннан тағдыр теперішін көріп, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндердің тұсауын кесті. Жарық дүние есігін ашқаннан жылу мен мейірімге сусаған сәбилерге ұлттық салт- дәстүр бойынша барлық жоралғы жасалды.

Үшінші мегаполистің бас дәрігері қаладағы барлық емдеу мекемелерінде ем алып жатқан балалардың жай күйін біліп, әрқайсысымен жүздесіп шықты. Кішкентай пациенттерге сыйлықтар таратты. Айықпас дертке шалдыққан ВИЧ тырнағына іліккен балақайлардың да көңілін аулап, жүздеріне қуаныш сыйлады.

"Ал №2 және Мейірім балаларды оңалту орталықтарында емделіп жатқан балғындарда мерекелік кештен қалыс қалмады. Балаларды құттықтап барған медицина мамандары сыйлықтар таратып берді. Ал балғындар қуанышын бөлісіп келген ел ағаларына арнап концерттік бағдарлама қойып, өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ қаладағы Ана мен баланы емдеу орталығына барған №4 қалалық емханасының бас дәрігері Рамазан Бектұрғанов, №7 қалалық емхананың бас дәрігері Айжан Қожанқызы және Орынбаев атындағы жеке клиникасының директоры Дилфуза Розиқұлқызы, заласыздандыру орталығының директоры Мухиддин Сейітханов ВИЧ-ке шалдыққан балаларды құттықтап, сыйлықтар үлестіріп берді"-деп хабарлайды Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.