Шымкенттің бас санитар дәрігері Құрбан айтта сақталуы тиіс ережелерді айтты

0
852

Биыл Құрбан айт мерекесі 9 шілдеде басталады.


Шымкенттің бас санитар дәрігері Құрбан айтта сақталуы тиіс ережелерді айтты

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында мал сату, сою бекеттерінде және көпшіліктің қатысуымен ұйымдастырылатын құдайы тамақтар, іс-шараларды өткізу барысында аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында санитарлық ережелерді сақтау қажеттігін ескертеді.

Мереке қарсаңында қолайсыз жағдайлардың алдын алу үшін төмендегі талаптарды сақтау қажет:

- құрбандыққа шалынатын малдарды сату мен сою ветеринарлық қызмет тарапынан ветеринариялық-санитариялық қорытындысы бар орындарда және әрбір ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті ветеринарлық құжаттары болған жағдайда ғана іске асыру;

- мал сою барысында шыққан қалдықтарды уақтылы залалсыздандырып, шығару;

- жеке бас гигиена қағидаларын қатаң сақтау.

Қазіргі таңда қаламызда жіті ішек инфекциялары жиі тіркелуде. Осыған орай, қоғамдық тамақтану орындарында және мешіттерде іс-шаралар өткізу барысында төмендегі ережелерге аса назар аудару керек:

- ас дайындаушылардың медициналық тексеруден өтуі және медициналық кітапшаларының болуы;

- тағамды арнайы киімде дайындау және дәретханаға бару алдында арнайы киімді шешу;

- тағам дайындаумен, үлестірумен айналысатын жұмыскерлердің денесінің ашық жерлерінде, қолында іріңді жаралардың, шағын жарақаттардың болуын қарап-тексеретін және анықталған жағдайда жұмыстан шеттетуге жауапты адамды бөлу;

- тазалау жұмыстарымен айналысатын жұмысшыны тамақ дайындау және ыдыс-аяқты жуу барысына жібермеу;

- тағамдарды дайындау технологиясын сақтап, таза пісіру;

- шикі етке қолданған тақтайша, пышақ, ыдыс аяқты піскен тағамға пайдаланбау;

- үй жағдайында консервіленген өнімдерді асқа қолданбау;

- тез бұзылатын өнімдерді сақтықпен қолдану;

- тағам өнімдерін тоңазытқышта тауарлық көршілестігін (шикі азық түлік пен піскен тағамды бір сөреге қоюға болмайды) ескеріп, сақтау;

- тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарының болуы.

ERNUR.KZ