Шымкенттің кейбір аудандарында электр қуаты уақытша өшіріледі

0
630

​30 мамыр күні 08:00 - 15:00 аралығында электр қуаты уақытша өшеді.


Шымкенттің кейбір аудандарында электр қуаты уақытша өшіріледі

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының кейбір аудандарында электр қуаты уақытша өшіріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

30 мамыр күні 08:00 - 15:00 аралығында 110 кВ "Восточный" қосалқы станциясының № 27, 30 ұяшықтарынан шығатын 10 кВ әуе желісі Арғынбеков көшесі бойы, Шаяхметов-Байтереков аралығын 10 кВ жер асты кабеліне ауыстырылуына байланысты электр қуаты уақытша өшеді.

Сол себепті, Нұрсәт, Солтүстік шығыс, Шапағат-2, Тараз шағын аудандарында электр қуаты сөндірілетін болады.