“Сөмкеге салынған”: Шымкентте қоқыс контейнерінен әйелдің мәйіті табылды

0
979

Мәйіт көрпеге оралып, үлкен сөмкеге салынған.


“Сөмкеге салынған”: Шымкентте қоқыс контейнерінен әйелдің мәйіті табылды

Шымкентте Жангелдин көшесіндегі қоқыс контейнерінен әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция Департаментің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мәйіт көрпеге оралып, үлкен сөмкеге салынған. Денесінде соққының іздері бар. Полиция әйелдің 35 жаста екенін анықтады.

“Аталған жайт Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы «Адам өлтiру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді”, - делінген баспасөз хабарламасында

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі таңда күдікті тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.