Сыбайлас жемқорлық: Шымкентте түрлі этнос өкілдерімен бірлескен кездесу өтті

0
565

Кездесу барысында көптеген келелі мәселелер қозғалды.


Сыбайлас жемқорлық: Шымкентте түрлі этнос өкілдерімен бірлескен кездесу өтті

Шымкент қаласында түрлі этнос өкілдерімен бірлескен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ тарапынан парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша кешенді жоспардың аясында жыл соңына дейін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша діни бірлестіктермен және түрлі этностар өкілдерімен бірлескен іс-шаралар өткізу жөнінде кесте жасалған.

Осы кестеге сәйкес, «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түрлі этностар өкілдерімен бірлескен кездесу өтті.
Шымкент қалалық корей, грек, өзбек этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысқан кездесуді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Альжанова жүргізді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс- әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз осы әлеуметтік дертке бірге батыл қарсы тұруымыз қажет. Менің түбегейлі ұстанымым: мемлекет сыбайлас жемқорлықпен оны түп-тамырымен жойғанға дейін күресуі қажет», – деп атап өткен болатын. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Қоғам дертіне айналған бұл індеттің алдын алу – ортақ міндет, – деді ол.
Кездесу барысында көптеген келелі мәселелер қозғалып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында тиісті жұмыстар жүргізуді этнос өкілдері осы бағыттағы жұмыстардың әрі қарай жалғасатындығына сенім білдірді.