Сырдария университеті Шымкентке көшіріледі

0
3 552

Үкімет және тиісті министрлік қолдауымен Сырдария университетіне Жұмабек Тәшеновтің есімі берілді.


Сырдария университеті Шымкентке көшіріледі
Сырдария университеті Жұмабек Ташенов атындағы университет болып өзгерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы университеттің ректоры ҚР ҰИА корреспондент мүшесі,т.ғ.к., доцент Байболов Қанат Сейтжанұлы брифинг барысында мәлімдеді.
Бұған қоса оқу орны Шымкент қаласына көшіріледі. Енді үшінші мегаполистің төрінде Ж.Ташенов атындағы университет 2022-2023 жаңа оқу жылын бастамақ.
Университет 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясын жүзеге асыра отырып, аймақтың дамуына елеулі үлес қосатын заманауи талаптарға сәйкес келетін, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындайтын білім ордасына айналу - басты міндеттердің бірі. Ол үшін бұл бағытта - білім беру бағдарламаларын еңбек нарығындағы өзгерістерді ескере отырып жаңарту басты талап және оны жүзеге асыруда барлық жағдайлар қарастырылуда.
Бүгінгі таңда университет бакалавриаттың 13 бағыты бойынша - 31, магистратураның 5 бағыты бойынша 6 мамандық иелерін оқытады.
Жұмабек Ташенов атындағы университет техникалық, ауылшаруашылық, қызмет, ветеринария бағыты бойынша білім бағдарламаларын жұмыс берушілердің талаптарын ескеріле отырып даярланып, бүгінгі таңда Болон процесінің орталығында сараптамадан өтуде. Сараптама қорытындысы бойынша жоғарыда айтылған бағыттарға лицензия алынатын болады.
Сондай-ақ, шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуді де қолға алынбақ. Бүгінгі таңда ауылшаруашылық мамандығы бойынша Иерусалимдегі Еврей университетімен, Пенсильвания шатының университетімен және Кембридждің орталық- Азия форумымен бірлескен білім бағдарламаларын жасау басталып жатыр.
Техникалық, ауылшаруашылық және ветеринария бағытындағы студенттерді тәжірибиеге бағытталған маман болып шығуы үшін ірі және кіші кәсіпорындарда, дуальді оқыту жүйесін кеңінен қолдану қолға алынады.

«Жумабек Ташенов атындағы университет – аймақ экономикасының сфералары мен басым салалары үшін инновацияны дайындайтын және аймақтың кадрлық резервін қалыптастыратын, қазіргі мегаполис Шымкент қаласы мен Түркістан облысының аумағындағы білім-ғылым-инновация үдерістерінің негізгі бастамашысы және интеграторы болады. Осыған орай, аталған бастамаға жету үшін алдымызға жаңа мақсаттар мен міндеттер қойып, университет өзінің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын табысты жүзеге асыратын болады», - деді университет ректоры Қанат Байболов.