«Таза қала»: Шымкентте жүлде қоры 4 миллион теңгені құрайтын байқау өтеді

0
1 193

Акцияға қала тұғындары, аула, көше атынан көше комитеттерінің төрағалары қатыса алады.


«Таза қала»: Шымкентте жүлде қоры 4 миллион теңгені құрайтын байқау өтеді

Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат және дін басқармасы баспасөз брифингін өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған жиын барысында, Шымкент қаласындағы жеке тұрғын үйлер мен серіктестіктердің аумағын көгалдандыру және көріктендіруді мақсат еткен дәстүрлі «Таза қала» акциясы 2019 жылы да өткізілетіні белгілі болды. Ол байқауға Шымкент қаласы аумағында орналасқан қала тұғындары, аула және көше атынан көше комитеттерінің төрағалары Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары жанынан құрылатын жұмысшы топтарға құжаттарын 2019 жылдың 21 қазанына дейін өткізіп, қатыса алады.


Нәтижесінде, акцияның жеңімпаздарына 1, 2 3 орындар бекітіліп, әр ауданнан«Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік аудан» және «Үздік учаскелік инспектор» номинациялары бойынша бағалы сыйлықтармен және қала әкімінің дипломдарымен марапатталады. Сонымен қатар, акцияға белсене қатысып, өзі тұратын аула мен көшенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан мектеп оқушылары мен қоғамдық орында тәртіп сақтау, «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру және ұсақ құқықбұзушылықтардың алдын алуда нәтижелі еңбек көрсеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де арнайы бағалы сыйлықтар табысталады. Ал, акцияның жалпы жүлде қоры – 4 млн. теңгені құрап отыр.

Айта кетейік, келіп түскен өтініштерге сәйкес арнайы комиссия 3 күн ішінде үміткерлердің құжаттарымен танысып, жалпы қалалық кезеңге қатысуға жібереді. Сондай-ақ, бағалау әр позиция бойынша 10 баллдық жүйемен бағаланады.