Тұран шағын ауданында 20 көшеге асфальт, 10 көшеге шағал тас төселд

0
278

Жоспарға сәйкес осы орайда «Тұран» шағынауданында 50 000 м3 шағал тас төсеу жұмыстары басталды.


Тұран шағын ауданында 20 көшеге асфальт, 10 көшеге шағал тас төселд

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында жолдарды жөндеу, асфальттау және шағал тас төсеу мәселесі жиі көтерілген еді.

Жоспарға сәйкес осы орайда «Тұран» шағынауданында 50 000 м3 шағал тас төсеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта кете бойынша 35 000 м3 шағалтас төсеу толық орындалып, 15 000 м3 шағал тас төсеу жұмыстары әлі де жүргізілуде.
Шағын ауданда 40-тан астам көше орналасқан. Оның 20-дан астам көшесі асфальтталса, 10-ға жуық көшесіне шағал тас төсеу жоспарланған.
Жалпы Қаратау ауданы аумағында биылғы жылы 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылмақ.
Аталған жұмыстар «Бозарық» саяжайында 7 көшеге, «Шапағат» шағын ауданында Бике қоңыр, Желдіқара, Мирас көшелері, «Тассай» тұрғын алабында Көкбөрі, Шолпан, Көкпекті, Көкпар, Кеңтарал (жалғасы), Еділ қаған, Мөде қаған және атауы жоқ 7 көшеге, «Тұран» шағынауданындағы №26 көшеге, Ойқараған, Шырайлы, Нарсай, Найзакескен, Дәуір және атауы жоқ 11 көшеге жүргізілетін болады.
дереккөз; Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі