Тұрғындар қала басшылығына жобалар ұсына алады

0
1 270

Үміткерлер ең қызықты жобаларымен қала басшылығына өз пікір-көзқарасын таныта алады


Тұрғындар қала басшылығына жобалар ұсына алады

ERNUR.KZ. IT бағдарламасы Шымкент қаласы тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының әкімдігі «Біздің жұмысымызға шағым жасаңыз» акциясын қорытындылады. Акция кезінде азаматтардан 10 мыңнан астам шағым мен өтініштер қабылданды. Тұрғындардан түскен өтініш-арыздардың негізінде, қала әкімдігінің алдағы уақыттағы атқарылуы тиіс негізгі мәселелер айқындалып, орындалуына басымдық берілмек.

Осы орайда, тамыз айының 29 жұлдызында қала әкімдігі «Shymkent Digital Day» жобасы шеңберінде негізгі мақсат-міндеттер бағдарын таныстырып, жұмыс жоспарын талқыға салатын болады.

Яғни, кез келген тұрғын әкімдік қызметіне нақты ұсыныстар мен шешімдер ұсына алады. Нәтижесінде, үміткерлер ең қызықты жобаларымен қала басшылығына өз пікір-көзқарасын таныта алады.