«Оңтүстік» Аймақтық Инвестициялық Орталығы» ЖШС жауапкерлерге 70 миллион теңгеден астам қарызды және 2 миллион теңгеден астам сот шығынын бірлесіп төлеу туралы талап арызбен жүгінген.
Мақтарал ауданындағы несие алған жауапкерлер 70 миллион теңге қарызды 2019-жылдың желтоқсан айына дейін бөліп төлеуді міндеттеріне алып, сот дауы бітімгершілікпен аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Істі қараған судья «Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасы аясында тараптарды татуластырып, келісімге келтірді.
Мақтаарал аудандық сотына талап қоюшы «Оңтүстік» Аймақтық Инвестициялық Орталығы» ЖШС жауапкерлерге 70 миллион теңгеден астам қарызды және 2 миллион теңгеден астам сот шығынын бірлесіп төлеу туралы талап арызбен жүгінген.
Істі қараған судья Ырсымбетов Марат Нұрғазыұлы «Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасы шеңберінде тараптарға татуласудың артықшылықтарын түсіндіріп, оларды ымыраға шақырды.
Нәтижесінде, талап қоюшы қаржылық ұйымға жеке баспаналарын кепілге қойып, ауыл шаруашылығы мақсатында несие алған жауапкерлер 70 миллион теңге қарызды 2019-жылдың желтоқсан айына дейін бөліп төлеуді міндеттеріне алды. Ал, талапкер қарызды өндіру жайындағы талап қою арызынан бас тартты.
Осылайша, олар іскерлік қарым-қатынастарын сақтап, сот шығынын төлеуге кететін қаражатты үнемдеді. Сот келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты.
Сот актісі заңды күшіне енді.