Үйінен дәрі ішіп келген: Шымкентте мектеп оқушысы қайтыс болды

0
730

Сабақ үстінде есінен танған.


Үйінен дәрі ішіп келген: Шымкентте мектеп оқушысы қайтыс болды

суреттің ақпаратқа қатысы жоқ: fotoxcom.ru
ERNUR.KZ. Бүгін Шымкент қаласындағы "Низамхан" орта мектебінің 8 сынып оқушысы қайтыс болды.

Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, 2009 жылғы қыз баласы үйінен белгісіз дәрі ішіп келгенін құрбысына айтқан. Екінші сабақ уақтысында есінен танып, тарих пәнінің мұғалімі және сынып жетекшісі "Жедел жәрдем" қызметін шақырған.

Мектеп медбикесі алғашқы көмек көрсетіп, "Жедел жәрдем" қызметкерлері зонт арқылы асқазанын шайған. Оқушының өзін жайсыз сезінгені байқалып, ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай,оқушы ауруханадағы жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Қазіргі таңда құзырлы орган өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізіліп жатқандығын хабарлады Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі.