Оның орындалуын қадағалау басқармаға жүктелген.
Шымкент қаласында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының негізінде тұрғын үйлердің жалпы аумағын ұлғайту мақсатында тұрғын үйлерді пайдалануға тапсыру жоспары бекітілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Айта кетейік, Шымкентте тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесін шешу мақсатында алғаш рет реновациялау бағдарламасы іске қосылуда. Қазір бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы штаб құрылды. Қала аумағындағы жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлерге мониторинг жүргізіліп, бағдарламаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңа бағдарлама қаланың сәулеттік келбетіне кері әсер ететін ескірген ғимараттарды жойып, мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай зәулім үйлер қатарын арттыру үшін қолға алынып отыр. Бағдарлама шартына сәйкес, құрылыс жұмыстары меншік иелерінің келісімі бойынша жүргізіледі. Меншік иелеріне құрылыс кезеңінде уақытша баспана немесе пәтер жалдау үшін ақшалай өтемақы беріледі.
Қазіргі таңда Республика даңғылы-Гагарин-Павлов-Исмаилов-Сеченов -Алпысбаев-Қалдаяқов көшелерінің шекарасындағы 350 гектарға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының сметалық құжаттамасын мәслихат талқылауына ұсыну жоспарлануда. Жобадағы тұрғын үйлер қабатының өзгеруіне байланысты халық саны және оларға қажетті әлеуметтік, инженерлік, көлік инфрақұрылымы қайта қаралуы қажет. Сондай-ақ қазір 46 тозығы жеткен және апатты тұрғын үйлер аумағына жобалау-ізденіс жұмыстары туралы қала әкімдігінің қаулысын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті басқарма басшыларына тұрғын үйлердің және қоныстанатын халықтың тығыздылығын зерделеуді, бір аптада бағдарламаны бюджет арқылы іске асыру жолдарын қарастыруды тапсырды.