Үш жасар бала шұңқырға құлап қайтыс болды

0
1 044

Қайғылы жағдай 6 қыркүйек күні орын алған.


Үш жасар бала шұңқырға құлап қайтыс болды

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында үш жасар бала өз үйінің ауласындағы шұңқырға (септикке) абайсызда құлап кеткен. Өкінішке қарай, 2016 жылы туған бүлдіршінді аман алып қалу мүмкін болмаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қайғылы жағдай 6 қыркүйек күні сағат кешкі 19.00 шамасында Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы Шалғынды көшесіндегі үйлердің бірінде орын алған. Оқиға кезінде үйінде тек анасы болған көрінеді. Үй шаруасымен жүрген анасы ауладағы кішкентай ұлының дауысы естілмей қалған соң іздеп, көшеге шыққан. Ақырында өз үйіндегі шұңқырдан тапқан. Жанталасып сәбиін сыртқа алып шыққанымен аман алып қалу мүмкін болмаған.

"6 қыркүйек күні сағат кешкі 19.00 шамасында Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Еңбекші ауданы аумағында үш жасар баланың септикке құлап кеткендігі туралы хабарлама кеп түскен. Оқиға орнына жеке құрамнан 6 адам жіберілген. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде туыстарының өздері баланы септиктен ап шыққаны анықталған,"- деп мәлімдеді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.