Үшінші мегаполисте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

0
555

Шаһар басшысы дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры болсада қажетті ыстық түсіретін дәрілердің көлемін арттыруды тапсырды.


Үшінші мегаполисте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сауда-логистикалық орталығында орналасқан «Химфарм» АҚ-ның дәрілік қоймасы мен «НПО Зерде» ЖШС-нің жаңадан ашылған екінші дәріхана қоймасында болып, ондағы дәрі-дәрмектердің қажетті қорын бақылап шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шаһар басшысы пандемияның өткен толқындар кезіндегі тәжірибені ескере отырып, COVID-19 індетін емдеу бойынша препараттар тапшылығын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдауды, дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры болсада қажетті ыстық түсіретін дәрілердің көлемін арттыруды тапсырды. Сонымен бірге бағаның негізсіз өсуінің алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Осы ретте, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы С.Пакеев департамент қызметкерлерімен апта сайын дәріханалар мен көтерме сауда қоймаларындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жеткілікті болуына талдаудың жүйелі түрде жүргізілетінін жеткізді.
«Қала дәріханаларында жеті апталық мониторингті талдау кезінде халық тарапынан сұраныстың артуына байланысты ыстықты түсіретін, вирусқа қарсы, термометрлер, сондай-ақ, антибиотиктер, антикоагулянттар, гормоналды дәрілік заттар, медициналық бетперделер, қолғаптар динамикасының жоғарылауы байқалған. Көтерме және бөлшек сауда субъектілерінде дәрілік заттар және медициналық бұйымдардың қалдықтары мәніне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша COVID-19 ауруының өсуіне қарамастан, қаладағы жағдай тұрақты болып қалуда және ДЗ және МБ тапшылығы байқалмауда», - деді С.Пакеев.
13.01.2021 жылғы жағдай бойынша көтерме сауда қоймаларында:
- ыстық түсіретін дәрілік заттар - 1 195 800 қорап;
- вирусқа қарсы дәрілік заттар -75 745 қорап;
- антибиотиктер - 1 124 260 қорап;
- антикоагулянттар - 11 850 қорап;
- гормондық дәрілік заттар - 56 734 қорап;
- медициналық бетперделер - 1 890 530 дана;
- термометрлер - 7 102 дана;

- қолғап – 273 006 дана.