Бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.
Шымкент қаласында 2 жасар бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, 3 тамыз күні сағат 14:00-де Қаратау ауданындағы 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде үлкендердің қарауынсыз қалған 2 жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.
“2020 жылы туған бала ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы ауыр”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтауда.
Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент қаласында мұндай 4 оқиға болған. Өткен жылы осы есепті мерзім ішінде 7 оқиға орын алған еді.