Жаңа қаулы: Шымкентте вакцина салдырмағандар жұмысқа жіберілмейді

0
1 148

Сонымен қоса, сенбі, жексенбі және мереке күндері қоғамдық көліктің қозғалуына тыйым салынады.


Жаңа қаулы: Шымкентте вакцина салдырмағандар жұмысқа жіберілмейді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында вакцина салдырмаған қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №21 қаулысында айтылды.

Жаңа қаулыға сәйкес, қалаарлық, облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысына тыйым салынды.

Медициналық ұйымдар мен дәріханалар қалыпты режимде жұмыс істейді. Сонымен қоса қоғамдық көліктерде (бетперделердің киілуі, қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, толымдылық отыратын орындар саны бойынша) сенбі, жексенбі және мереке күндері қоғамдық көліктің қозғалуына тыйым салынды.

Ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, және өзге де объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (соңғы 3 ай ішінде COVID-19-мен ауырып жазылған және тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда) қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберілуі шектеледі.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.