Жарты жылда 46 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген

0
1 097

Сыбайлас жемқорлық қылмысын алдын алу мақсатында Шымкент қаласы прокуратурасының бастамасымен мекемеаралық топ құрылатын болды.


Жарты жылда 46 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген

Шымкент қаласында осы жылдың алты айында лауазымды тұлғалар жасаған сыбайлас жемқорлыққа қатысты 46 қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы Шымкент қалалық прокуратурасы мәлімдеді деп хабарлайды ERNUR.KZ. тілшісі.

Сыбайлас жемқорлық қылмысын алдын алу мақсатында Шымкент қаласы прокуратурасының бастамасымен мекемеаралық топ құрылатын болды. Топ құрамында құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері болмақ. Шымкент қаласы прокуратурасында өткен Үйлестіру кеңесі осындай шешімге келді.

Сонымен қатар, Үйлестіру кеңесінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының және қылмыстық істердің тергелу барысы қаралды.

"Бүгінгі таңда еліміздің үшінші мегаполисінде ұрлық қылмысы азайған", - деді қала прокуроры Мақсат Қожабаев.

Өзгенің мүлкін ұрлау тақырыбына тоқталған қала прокуроры Қожабаев Мақсат Аманқұлұлы бұл санаттағы қылмыстардың 21%-ға, ал жалпы тіркелген қылмыстардың 19,5%-ға төмендегенін атап өтіп, жергілікті атқарушы органдарын профилактикалық жұмыстарды құқық қорғау органдарымен қатар жүргізуге бағыттады.