«ЖАСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫ: Шымкентте арендалық баспанаға өтінім қабылдау басталды

0
740

2023 жылдың 8 қараша күні сағат 9:00-де өтінім қабылдау басталды


«ЖАСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫ: Шымкентте арендалық баспанаға өтінім қабылдау басталды

Бүгін Шымкент қаласы бойынша 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қатысушыларға қойылатын басты талаптарды тағы да еске саламыз:
Жасы 35 жасқа толмаған жұмыс істейтін жас болуы тиіс;
– Өтінім берушінің соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасы аумағында иелігінде тұрғын үй тіркелмеуі;
– Өтініш берушінің Шымкент қаласында соңғы 3 жылда тұрақты тіркеуде болуы, сонымен қатар, өтініш берушінің отбасы мүшелерінің осы елді мекенде тұрақты тіркелуі;
– Өтініш берушінің ай сайынғы табысы 40 АЕК-тен (138 000 теңге) асуы шарт.
Айта кетейік, бағдарламаға қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы өтініш бере алады. Өтінімдер 10 қараша сағат 19:00-ге дейін қабылданады.