"Жастар бағдарламасы": Шымкентте кезекті өтінімдер желтоқсанда қабылданады

0
785

Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 360 пәтер Бозарық шағын ауданында орналасқан.


Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша кезекті құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 01 - 02 желтоқсан аралығында және 05 желтоқсан күні сағат 09-00 ден -19-00 аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 360 пәтер Бозарық шағын ауданында орналасқан. Оның ішінде 1 бөлмелі пәтер саны - 90, 2 бөлмелі пәтер саны - 90, 3 бөлмелі пәтер саны - 180.

Бағдарламаға қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбасы ) арқылы өтініш бере алады.
Құжат тапсыру немесе өңдеу кезеңінде азаматтар техникалық сұрақтар туындаған жағдайда кеzekte.kz cайтының телеграмм-парақшасына сайттағы QR-кодты сканерлеу арқылы өтіп (тек жұмыс уақытында) сұрақтарын қойып жауап алуға болады.