“Жастар практикасы”: Биыл Шымкентте 2 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылады

0
766

Қазіргі уақытта 700-ге тарта жас жолдама алды.


“Жастар практикасы”: Биыл Шымкентте 2 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылады

Шымкент қаласында 2022 жылы «Жастар практикасына» 2098 жасты қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Қазіргі уақытта 700-ге тарта жас жолдама алып, олар барған жерлерінде еңбек етуде.

Шымкентте жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын тәмамдап, мамандығы бойынша жұмысқа орналасып жатқан жастар аз емес. Солардың бірі шымкенттік - Гүлнәр Асылова. Ол 2019 жылы қаладағы М.Сапарбаев атындағы “Парасат” колледжін “Дизайнер” мамандығы бойынша бітірген. Алайда, мамандығы бойынша жұмыс таппай жекеменшік балабақшалардың бірінде күтуші болып жұмыс істеген. “Жастар практикасы” бағдарламасы туралы халықты жұмыспен қамту орталығының instagram парақшасынан оқып, құжат тапсырған. Содан соң, Гүлнәрға осы жылдың ақпан айында Шымкенттегі дизайнерлік тігін шеберханалардың біріне жұмысқа жолдама берілген. Қазіргі таңда ол жұмыс жасайтын өндіріс орны тапсырыс арқылы түрлі киімдер тігеді.

- Талпынған жасқа жол қашанда ашық. Мамандығым бойынша жұмыс тапқаныма өте қуаныштымын. Айлығым уақтылы төленеді. Азсынбаймын. Тәжірибе жинақтаудамын. Тиісті мерзім аяқталып осы мекемеде тұрақты жұмысқа қалсам деген жоспарым бар, - дейді жас маман Гүлнар Асылова.
Жалпы, 2021 жылы Шымкентте 2500-ден астам жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа жолданған. Олардың 1300-дейі барған жерлерінде тұрақты жұмысқа орналастықан.
«Жастар практикасы»- уақытша жұмыс орны есептеледі және оған 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады. Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы көтеріліп (30 АЕК) - (91 890 тг) және мерзімі 12 айға дейін ұзартылған (бұрын 6 ай болатын).