«Жекеменшік мектеп материалдық базасы толықтай жабдықталған заманауи білім ұйымы болу керек» - Әйтенов

0
466

Бұл мектепке жан басына қаржыландыру арқылы мемлекет әр оқушы үшін қаржы төлейтін болады.


«Жекеменшік мектеп материалдық базасы толықтай жабдықталған заманауи білім ұйымы болу керек» - Әйтенов

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов жеке меншік білім ошақтарының талапқа сай болуын қадағалау мақсатында Асар шағын ауданында инвестордың есебінен салынып жатқан 500 орындық мектептің құрылысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл мектепке жан басына қаржыландыру арқылы мемлекет әр оқушы үшін қаржы төлейтін болады.
Әкім білім мекемесін аралау барысында балалардың білім алуына барлық жағдайдың жасалуын, материалдық базалардың талаптарға сай болуын қадағалап, жеке меншік білім ұйымдары оқушыларға интеллектуалдық, физикалық және психологиялық, әдеби-эстетикалық бағытта қосымша білім беретін, материалдық-техникалық жағынан толықтай жабдықталған заманауи мектеп болу керек екенін ескертті.
Жан басына қаржыландыру көлемі аясында мектептерде оқу және материалдық-техникалық базаны ішінара нығайту мүмкіндігі пайда болды. Спорт құрал-жабдықтары, оқушы жиһаздары, оқу тақталары, көрнекі құралдар мен оқу материалдары, музыкалық аспаптар сатып алынды.