Әбужақынова 48 келі салмақтың финалында белдеседі.
ERNUR.KZ. Қазақстандық Әбиба Әбужақынова дзюдодан Азия чемпионатының финалына шықты, деп жазады Vesti.kz.
Әбужақынова 48 келі салмақтың финалында белдеседі. Ол турнирдің екінші айналымында Тайбэй елінің өкілі Хао Линді, кейін моңғолиялық Наранцецег Ганбаатардан айласын асырды.
Финалдық белдесулер Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 17:00-де басталады. Қазақстан құрамасы сапынан Мағжан Шамшадин (60 келі) мен Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) қола үшін талас өткізеді.