ӘЧ-2022: Польша құрамасы Ресеймен ойнаудан бас тартты

0
948

Ресей мен Польша арасындағы кездесу наурыздың 24-інде өтуі тиіс.


ӘЧ-2022: Польша құрамасы Ресеймен ойнаудан бас тартты

ERNUR.KZ. Польша футбол құрамасы Ресейге қарсы, матчтан бас тартады, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы Польша футбол одағының президенті Цезарий Кулеша өзінің твиттердегі парақшасында

«Сөзді қойып, әрекетке көшетін кез келді. Ресей Федерациясының Украинаға қатысты агрессиясына байланысты Польша құрамасы Ресейге қарсы кездесуден бас тартады. Жалғыз дұрыс шешім осы»,– деді Кулеша.

Футбол федерациясының ұстанымын Польша құрамасының капитаны Роберт Левандовски де қолдады. Ресей мен Польша арасындағы кездесу наурыздың 24-інде өтуі тиіс.

Қарсыластар жыл аяғында Қатарда өтетін әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салатын турнирдің жартылай финалында алаңға шығатын еді.