Ағайынды ескекшілер Қазақстан қоржынына тағы бір күміс жүлде салды

0
511

Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар байдарка және каноэ есуден жұптық жарыстың күміс жүлдегері атанды.


Ағайынды ескекшілер Қазақстан қоржынына тағы бір күміс жүлде салды

ERNUR.KZ. Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды, деп жазады zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің 3 қазан күні хабарлауынша, ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар байдарка және каноэ есуден жұптық жарыстың күміс жүлдегері атанды.

"Байдаркада және каноэде ескек есуден жұптық жарыстың MС2 1000 м бағдарламасында өнер көрсеткен отандастарымыз 3:49 уақыт көрсеткішімен 2-келді", – делінген хабарламада.

Ал байдарка мен каноэ есуден әйелдер арасындағы жекелей сайыста бақ сынаған спортшымыз Мария Бровкова 200 метрді 49,368 секундта бағындырып, үшінші орынға ие болды.