Әйеліне ара түскен чемпионды полицейлер атып тастаған

0
535

Полицейлер боксшыны төрт рет атқан.


Әйеліне ара түскен чемпионды полицейлер атып тастаған

Иранның бокстан чемпионы, елдің ұлттық құрамасының бұрынғы мүшесі Реза Морадхани әйелін қорғаймын деп сал болып қалды, деп жазады vesti.kz.

Оқиға сәуірде болған екен. Боксшы әйелімен серуендеп келе жатқан. Осы кезде қарсы алдарынан шыққан полицейлер әйел адам хиджабын дұрыс кимеді деп ескерту жасаған. Морадхани әйеліне ара түскен, солай жанжал туған. Осыдан кейін полицейлер боксшыны төрт рет атқан.

Спортшының денесінің бір бөлігі сал болып, істемей қалған көрінеді. Отбасы бұл жағдай бойынша сотқа арызданған, алайда, сот бұл істі қарауға алмады. Осыдан кейін олар оқиғаны БАҚ-та жария етіп, әділдік сұрап отыр.