Әйгілі боксшыны жекпе-жек кезінде тонап кеткен

0
578

Чемпион жекпе-жек өткізіп жатқанда ұрылар Иноуэнің Канагавадағы үйін тонаған.


Әйгілі боксшыны жекпе-жек кезінде тонап кеткен

ERNUR.KZ. 7 мамыр Сайтамада (Жапония) Наоя Иноуэ өте жеңіл салмақта WBC, WBA Super және IBF титулы үшін айқаста (22-0, 19 КО) филиппиндік Нонито Донэйрді (42-6, 28 КО) нокаутқа түсірді, деп жазады vesti.kz.

Чемпион жекпе-жек өткізіп жатқанда ұрылар Иноуэнің Канагавадағы үйін тонаған. Қылмыскерлер 10 шақты дизайнерлік сөмкелер мен зергерлік бұйымдарды қолды еткен екен. Бұл туралы жергілікті Fuji TV және TBS арналары хабарлап отыр.

Көршілер ақ көлік мінген екі адамды көргендерін айтады. Қазіргі таңда полиция видеобақылау жазбаларын тексеріп жатыр.

Ал боксшының өзі бұл туралы былай дейді: "Жаңалықты естідіңіздер. Бірақ мұндай күнді жаман хабар бұза ала ма? Абай болыңыздар!".

Айта кетейік, "Құбыжық" лақап атты Иноуэ үш титулды - WBC, IBF және WBA біріктірген жапониялық бірінші боксшы болып отыр. Биыл ол WBO титулына ие британиялық Пол Батлермен абсолют чемпион атағы үшін айқасуы ықтимал.