Әлем чемпионаты матчында ЛГБТ туып жамылып, алаңға жүгіріп шыққан белсенді жазаланды

0
641

Ферри кездесудің 51-минутында алаңға жүгіріп шыққан.


Әлем чемпионаты матчында ЛГБТ туып жамылып, алаңға жүгіріп шыққан белсенді жазаланды

ERNUR.KZ. Әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші туры Португалия мен Уругвай құрамалары арасындағы матчта алаңға жүгіріп шыққан италиялық белсенді Марио Ферри жазаланды, деп жазады stan.kz.

Полиция қызметкерлері жанкүйерді стадионнан алып шығып, бөлімшеге апарған. Қазіргі уақытта ер адам босатылды. Оған 2022 жылғы әлем чемпионатының қалған матчтарына қатысуға тыйым салынды.

Ферри кездесудің 51-минутында алаңға жүгіріп шыққан. Оның қолында ЛГБТ қауымдастығының кемпірқосақ түсті туы болды. Сонымен қоса италиялықтың жейдесінде "Украинаны құтқарыңыздар" және "Ирандық әйелдерге құрмет" деп жазылған.