Әлімханұлы титулды жекпе-жек алдында бапкер ауыстырды

0
767

Қазақстандық кәсіпқой боксшыны бұған дейін америкалық Бадди Макгирт жекпе-жектерге дайындап келген.


Әлімханұлы титулды жекпе-жек алдында бапкер ауыстырды

ERNUR.KZ. Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы жаттықтырушысын ауыстырды, деп жазады vesti.kz.

Қазақстандық кәсіпқой боксшыны бұған дейін америкалық Бадди Макгирт жекпе-жектерге дайындап келген. Ол әйгілі Артуро Гатти, Майк Тайсон секілді танымал спортшыларды шыңдаған бапкер еді. Енді отандасымызды Брайан Вилория есімді америкалық маман жаттықтырады.

"Жаңа бапкер. Жаңа серпін. Жаңа деңгей! Брайан Вилориямен жұмысты бастадық! Брайан әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да әлем чемпионы болған боксшы. Кәсіпқой бокста 4 дүркін әлем чемпионы атанған. Екі салмақта чемпион болған. Екі чемпиондық титул жеңімпазы. Мықты маманмен қазақ стилін әрі қарай шыңдауды бастадық! Алла берекелі етсін"!, - деп жазды боксшы.

Жәнібек Бадди Макгиртпен де жақсы қарым-қатынаста болатынын, арада ешқандай түсініспеушілік болған жоқ деп мәлімдеді.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Германиядан шыққан IBF чемпионы Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) жұдырықтасатыны хабарланған болатын.