Алматыда триатлоннан Азия кубогы өтеді

0
914

Жарысқа Elite категориясы бар барлық спортшы қатыса алады.


Алматыда триатлоннан Азия кубогы өтеді

ERNUR.KZ. Алматыда 2019 жылдың 3-4 тамызында тиратлоннан халықаралық ASTC Asian Cup ASTC турнирі өтеді. Оған кәсіби және әуесқой спортшылар қатыса алады, деп жазады ҚазАқпарат.

Дүбірлі дода 3 тамызда Сайран көлінде басталады. Оған Азия мен әлемнің 40-тан астам елінен 130 кәсіби триатлет қатысады. ASTC Asian Cup - кубогін Азиялық конфедерация мен триатлонның халықаралық одағы (ASTC) ұйымдастырып жатыр. Жарысқа Elite категориясы бар барлық спортшы қатыса алады.

4 тамызда қызығушылық танытқан 18 жастан жоғары AGE категориялы спортшылар арасында чемпионат басталады. Олар бүгіннен бастап мына сайтқа тіркеле алады. Сонымен қатар, Age Group категориясына командамен өтуге рұқсат етілген. Топ екі немесе үш адамнан құралады.

«Тағы бір айта кетерлігі, жарысқа қатысушылар санына шектеу қойылған. Жарыста 220 атлет пен 30 команда бақ сынайды», - деді Алматы триатлон федерациясының атқарушы директоры Руслан Когай.

Asian Cup турнирінде кәсіби спортшылар 750 метр жүзіп, велосипедпен 20 шақырым, 5 шақырым жүгіріп жарыспақ. Ал, әуесқойлар алдымен 1500 м қашықтықты жүзіп, велосипедпен 40 шақырым, ары қарай 10 шақырымды жүгіріп өтуі тиіс.

Әуесқой триатлон шарттарымен ресми сайтта танысуға болады. Толық ақпарат жарыс жақындағанда жарияланады.

Триатлон - үш кезеңнен тұратын өзіндік ерекшелгі бар спорт түрі. Триатлон 2000 жылдан бері Олимпиа ойындарының бағдарламасына енгізілген. Бұл спорт түрі Қазақстанның барлық аймағында қарқынды дамып келеді. 2019 жылы 18 республикалық және халықаралық дәрежеде түрлі жарыстар өткізу жоспарланып отыр.