Англияда доп тепкен футболшы «Ордабасыға» ауысуы мүмкін

0
957

32 жастағы қорғаушы қазақстандық клубтан ұсыныс алған.


Англияда доп тепкен футболшы «Ордабасыға» ауысуы мүмкін

ERNUR.KZ. Болгария құрамасының ойыншысы әрі ЦСКА-ның капитаны Николай Бодуров мансабын Қазақстан біріншілігінде жалғастыруы мүмкін, деп жазады prosports.kz.

32 жастағы қорғаушы маусым соңына дейін жарақатына байланысты алаңға шықпайды. Алайда «Меридиан мач» басылымының мәліметінше, Николай Бодуров алдағы ойындарға қатыспауының басты себебі - қазақстандық клубтан ұсыныс алуы. Осы себепті Николай Бодуров осы жазда аяқталатын келісімшартының мерзімін ұзартпай отыр.

Болгар басылымының мәліметінше, Николай Бодуров мансабын шымкенттік «Ордабасы» клубында жалғастыруы мүмкін. Тіпті, қос тарап келісімге келіп қойған деген ақпарат бар.

Николай Бодуров орталық қорғаушы қызметін атқарады. Тәжірибелі футболшы англиялық «Фулхэм» және даниялық «Мидтьюлланн» командаларында ойнаған. Болгария құрамасының сапында 60 матчқа алаңға шыққан.