​Аршавин "Барселонада" ойнайтын болды

0
1 199

Алматылық "Қайраттың" футболшысы Андрей Аршавиннің бұрынғы әйелі, танымал тележүргізуші Юлия Барановская әлеуметтік желіде жақсы жаңалық жариялады.


​Аршавин

ERNUR.KZ. Алматылық "Қайраттың" футболшысы Андрей Аршавиннің бұрынғы әйелі, танымал тележүргізуші Юлия Барановская әлеуметтік желіде жақсы жаңалық жариялады, деп жазады sputniknews.kz.

Юлия Барановская мен Андрей Аршавиннің ұлы "Барселона" футбол академиясының жаңа ойыншысы атанды.

Арсений әлемге танымал әкесі салған соқпақпен жүріп, кәсіби футболшы болуға шешім қабылдағанына көп болыпты.

Осылайша, қазан айында 6 жасар Арсений Ресейдегі "Барселона" футбол клубының беделді BARÇA Academy Moscow спорт мектебіне қабылданды, ал кеше, 1 қарашада оған осы клуб ойыншысының формасы салтанатты түрде тапсырылды.

Бір қызығы, Андрей Аршавин ұзақ уақыт "Барселонада" ойнауды армандаған, енді әкесінің арманын ұлы орындайтын секілді.