Ашуға булыққан Нурмагомедов қарсыласының чемпиондық белдігін бір тепті (видео)

0
785

Бұған дейін олардың кездесуі төрт рет өтпей қалған болатын.


Ашуға булыққан Нурмагомедов қарсыласының чемпиондық белдігін бір тепті (видео)

ERNUR.KZ. 1 жастағы чемпион Хабиб Нурмагомедов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 36 жастағы Тони Фергюсонмен кездесіп, баспасөз конференциясына қатысты. Қарсыласымен көзарбасу сәтінде екі спортшы қырықпышақ болып, жанжалдасып қалды, деп жазады Skifnews.kz.

Олардың жанжалдасу сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралып жатыр.

"Ти-Мобайл Арена" стадионында көзтүйістіру рәсімі өтетін кезде Нурмагомедовке қарап, бетпе-бет тұрған Фергюсон ресейлік спортшының шамына тиіп, арандатқан көрінеді. Содан кейін Хабиб өзін ұстай алмай, аяғының астында жатқан Фергюсонның белдігін бір-ақ теуіп, "ұшырып жіберген". Ақырында UFC президенті Дэн Уайт күзетшілерге екеуін ажырату туралы бұйрық беріп, олар Фергюсонді сабырға шақырған. Соның салдарынан екі спортшының көзтүйістіру рәсімі өтпей қалған.

Басылым мәліметінше, Фергюсон 2017 жылы Кевин Лимен болған жекпе-жекте жеңіп алған UFC белдігін жерге қоя салып, Нурмагомедовқа тағы да жағымсыз сөздер айта бастаған.

Бұған дейін олардың кездесуі төрт рет өтпей қалған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 18 сәуірде Нью-Йоркте Хабиби Нурмагомедов пен Тони Фергюсоннің кездесуі өтеді.