Ашық алаңда садақ атудан ҚР Чемпионаты өтті

0
2 559

Жоғары үштікті Алматы облысының мергендері еншіледі


Ашық алаңда садақ атудан ҚР Чемпионаты өтті

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Целиноград ауданында ашық алаңда садақ атудан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

4-10 тамыз аралығында Ақмола облысының Целиноград ауданында ашық алаңда садақ атудан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Жарыстың соңғы күні Түркістан облысынан Зарема Едиге 3 - орын, Самандар Мамыржанов 1 - орын, Александра Воропаева 1 - орын, Жасмин Дулатова, Ислам Жанибеков 1 - орынды иеленді.

Сайыстың қортындысы бойынша Түркістан облысы 19 алтын, 9 күміс, 3 қола медалімен жалпы командалық есепте 8 - орынды иеленді. Сондай-ақ, Астана 1 - орын, Алматы қаласы 2 – орыннын көрінді. Сонымен қатар, жоғары үштікті Алматы облысының мергендері еншіледі.