Astana Marathon 2021: Жарысқа вакцина алғандар ғана жіберіледі

0
774

​Astana Marathon жалғасын табады.


Astana Marathon 2021: Жарысқа вакцина алғандар ғана жіберіледі

ERNUR.KZ. Алдағы жексенбі күні елордада бұқаралық жарыс ұйымдастырылмақ, деп жазады 24.kz.

Айта кетейік, бұл бәсеке қалыптасқан жағдайға байланысты былтыр болмады. Ұзақ үзілістен кейінгі марафон 2 қашықтық бойынша, 42 және 10 шақырым бойынша өтеді.

Ал, оған қатысушылардың жасы, сәйкесінше, 18 және 16-дан асуы керек. Жеңімпаздар 10 жас деңгейі бойынша анықталады. Санитарлық талаптар қатаң.

Жарысқа Ashyq жүйесі арқылы жіберіледі және ондағы статус жасыл түсті болуы қажет.

Айтулы аламанға бас-аяғы 5 мың адам қатысады деп күтіліп отыр. Марафон барысында сол жағалаудағы бірқатар көше жабылады. Әсіресе, Қабанбай батыр, Тәуелсіздік, Орынбор және Мәңгілік ел сияқты даңғылдарда қозғалыс шектеледі. Еске сала кетейік, «Астана марафоны» алғаш рет 2009 жылы ұйымдастырылды. Содан бері тұрақты өткізіліп келеді.