Атыраулық жасөспірім шахматшы Зарина Нұрғалиева әлем чемпионы атанды

0
782

Румыния елінде шахматтан әлем чемпионаты өтті.


Атыраулық жасөспірім шахматшы Зарина Нұрғалиева әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Атыраулық жасөспірім шахматшы Зарина Нұрғалиева әлем чемпионы атанды. Ол 2019 жылы да Беларусь Республикасында өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен еді, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Румыния елінде шахматтан әлем чемпионаты өтті.

«Әлемдік додада жаһанның 72 елінен 96 шахматшы бағы мен бабын сарапқа салды. Қазақстаннан бұл чемпионатқа жас ерекшелігіне байланысты бірнеше шахматшы қатысты. Оның ішінде Атырау облысынан Зарина Нұрғалиева да бар. Ол классика санатында 14 жасқа дейінгі қыздар арасында қарсыластарының бәрінен басым түсті. Бастапқыда АҚШ, Канада және Ресей Федерациясының шахматшыларымен тең ойнады. Кейін Үндістан, АҚШ, Польша, Украина, Әзербайжан, Литва мен Ресей Федерациясынан қатысқан қарсыластарының осал тұсын тауып, жеңіске жетті. Осылайша, атыраулық жасөспірім шахматшы 11 кезеңде 9 жинады. Бұл жеңісі оның әлем чемпионы атануына даңғыл жол ашты», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Жасөспірім шахматшы Зарина Нұрғалиеваның жасы 13-те. Оны Атырау облысының шахматтан аға жаттықтырушысы Сабырбай Ғайсин мен FIDE және халықаралық спорт шебері, Азия чемпионы Жәнібек Аманов ақылдылар ойынының қыр-сырын меңгеруге баулып жүр.

«Зарина Нұрғалиева 2019 жылы Беларусь Республикасында өткен әлем чемпионатында 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Ал, 2021 жылы FIDE ұйымдастырған жылдам шахматтан әлем кубогінде қола жүлдеге ие болды», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық балуан жағажайдағы самбодан әлем чемпионы атанған болатын.