Спортшылар әуе апатының құрбандарын еске алды.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Барыс» пен мәскеулік «Динамо» арасындағы ҚХЛ тұрақты чемпионатының бүгінгі ойыны Алматы маңындағы әуе апатының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алумен басталады, деп жазады ҚазАқпарат.
Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді.
Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.