Бейбіт Шүменов чемпиондық жекпе-жектен бас тартты

0
2 572

Боксшы 2018 жылдан бері жұдырықтаспады.


Бейбіт Шүменов чемпиондық жекпе-жектен бас тартты

ERNUR.KZ. Бірінші ауыр салмақта WBA Regular титулына ие қазақстандық Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) титулды жекпе-жектен бас тартты, деп жазады vesti.kz.

Мұның алдында қазақ боксшы 29 қаңтар Голливудтағы Seminole Hard Rock Casino шаршы алаңында өтетін бокс кешінде рингке шығатыны туралы ақпарат тараған.

Алайда Мерфидің сөзінше, қазақстандық боксшы жекпе-жектен бас тартты. Себебі белгісіз. Ал Рафаэльдің өзі Флоридаға келгенімен, оған кіммен жұдырықтасатынын әлі айтылмаған екен.

Оның үстіне, мәлімет көзінің хабарлауынша, аталған күнге спорт алаңы брондалмаған. Ал бокс кешіне қатысады дегендер бұл шоу бойынша жазбаша келісім жасамаған да екен.

Айта кетейік, ұйымдастырушы - промоутер Дон Кингтің бастамасымен боксшылар VADA-ның допингке тексеруінен бас тартқан. Бұл жағдай беделді Дэн Рафаельдің бокс кеші өтетініне күмәнін тудырған.
Былтыр желтоқсанда WBA Шуменовке бельгиялық Рияд Мерфиді (29-1, 24 KO) міндетті қарсылас етіп тағайындаған. Тараптар 31 желтоқсанға дейін келісімге келу керек болатын. Алайда олай болмаған көрінеді.