Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жария еткен жаңартылған әлемдік рейтингіде Б.Жұқаев 256-дан бірден 236-орынға көтерілді.
ERNUR.KZ. Ақтау теннис мектебінің түлегі, 22 жастағы Бейбіт Жұқаев Қазақстанның үшінші раккеткасы атанды, деп жазады ҚазАқпарат.
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жария еткен жаңартылған әлемдік рейтингіде Б.Жұқаев 256-дан бірден 236-орынға көтерілді.
Бұдан екі апта бұрын 325-сатыда тұрған Бейбіт Литтл-Рок (АҚШ) челленджер турнирінде финалға, сондай-ақ Пуэрто-Рикода Пальмас дель Марда жартылай финалға жетуі нәтижесінде осылайша жоғарылап отыр.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 47-ден 48-ге, Тимофей Скатов 135-тен 137-ге, ал осының алдында Б.Жұқаевтың алдында тұрған Михаил Кукушкин 252-ден 258-ге сырғыды. Денис Евсеев 309-ыншы, Дмитрий Попко 344-орында тұр.
Жұптық сында Александр Недовесов көрсеткішін жақсартып (+6), әлемнің 53-ракеткасы атанса, Андрей Голубев – 86, Григорий Ломакин 246-сатыда тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлемдік рейтингте Рыбакинаның үштікте, Путинцеваның ТОП-50-де екендігін жазған болатынбыз.