Бейжің-2022: Бүгін қазақстандық спортшылар медальға таласады

0
898

​Қытай астанасында 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары болып жатыр.


Бейжің-2022: Бүгін қазақстандық спортшылар медальға таласады

ERNUR.KZ. Бүгін еліміздің спортшылары бірден 6 спорт түрінен бақ сынайды. Олардың бірнешеуі бірден медальға таласады, деп жазады Экспресс К.

Елорда уақыты сағат 12:20-да ерлер арасында трамплиннен секірудің іріктеу сындары басталады. Онда еліміз атынан Сергей Ткаченко мен Данил Васильев сынға түседі. Жарысты тікелей эфирде "Qazaqstan" телеарнасы көрсетеді.

Сондай-ақ бүгін әйелдер арасындағы скиатлон (шаңғы жарысы) бойынша 15 шақырымдық финал өтеді. Онда еліміз намысын бірден төрт спортшы қорғайды. Олар Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Валерия Тюленева. Жарысты сағат 13:45-те "Qazaqstan" телеарнасынан көруге болады.

Осыдан кейін жарыс жолына еліміздің конькишісі Надежда Морозова шығады. Ол 3 мың шақырымдық финалда бақ сынайды. Жарысты "Хабар" телеарнасынан сағат 14:30-да тамашалауға болады.

Жанкүйерлер сағат 16:00-де "Qazsport" телеарнасынан ерлер арасындағы могул жарысының іріктеу кезеңін көре алады. Еліміз атынан бұл сайысқа Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков шығады. Финал сағат 17:30-да өтеді.

Кешкі 17:00-де "Хабар" телеарнасы шорт-тректен ерлер арасындағы 1 мың шақырымдық жарыстың іріктеу кезеңін көрсетеді. Бұл сайыста Әділ Ғалиахметов сынға түседі.

Сондай-ақ шорт-трек жарысынан аралас эстафетаның іріктеу кезеңі өтеді. Оған еліміздің ең үздік спортшылары Абзал Ажгалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова және Яна Хан қатысады. Жарыс сағат 18:00-де "Хабар" телеарнасынан көрсетіледі.

Еске салсақ, кеше Бейжіңде қысқы Олимпиада басталып, оның ашылу салтанатына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан еді.