Келесі айналымда ол таиландтық Саравут Суктхетпен қолғап түйістіреді.
ERNUR.KZ. Италияда өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп жазады inbusiness.kz.
57 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Сабырхан бірінші айналымда эфиопиялық Лета Фикремариам Ядесамен жұдырықтасты.
Бұл жекпе-жекте Сабырхан айтарлықтай қиындықсыз жеңіске жетті. Келесі айналымда ол таиландтық Саравут Суктхетпен қолғап түйістіреді.
Айта кетейік, Сабырхан 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының финалында тап осы Саравутты жеңген болатын.