Қазақстандық боксшы 63,5 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Маврикия өкілі Ришарно Колинмен жұдырықтасты.
ERNUR.KZ. Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаев 1/8 финалға шыға алмады, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстандық боксшы 63,5 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Маврикия өкілі Ришарно Колинмен жұдырықтасты.
Маврикиялық боксшының бойы да, қолы да ұзын болғандықтан, Санатәлі үшін қолайсыз тиді. Төрешілер шешімімен жеңіс қарсыласының еншісінде кетті.
Р.Колин 1/8 финалда Өзбекстан намысын қорғап жүрген қазақ жігіті Руслан Абдуллаевпен шеберлік байқасады. Ол испаниялық Конде Ойер Ибарречені бірінші раундта-ақ екі рет нокдаунға жіберіп, мерзімінен бұрын ұтты.
Бүгін сондай-ақ аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев рингке шығып, ресейлік Алексей Дроновпен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан әлем чемпионатында Сағындық Тоғамбайдың қарсыласын нокаутпен ұтқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Санатәлі Төлтаев келесі кезеңге жолдама алды.
Талғат Сырымбетов Азия чемпионына жол берді.