"Челсидің" экс ойыншысын үйінділер астынан алып шықты

0
591

Мән-жайды футболшы қазір өнер көрсетіп жүрген "Хатайспор" менеджері Мустафа Озат айтып берді.


ERNUR.KZ. "Челси" мен "Ньюкаслдың" бұрынғы ойыншысы Кристиан Атсу Түркиядағы жер сілкінісінен кейін үйінділер астынан табылды, деп жазады vesti.kz.

Мән-жайды футболшы қазір өнер көрсетіп жүрген "Хатайспор" менеджері Мустафа Озат айтып берді.

"Кристиан Атсу жаралы табылды. Спорт директорымыз Танер Савут, өкінішке қарай әлі де үйінділер астында. Хатай өңірі қатты зардап шегіпті. Қауіпті сағаттар аяқталуға жақын", - дейді Озат.