Cуда жүзуден халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар 4 алтын алды

0
1 109

Сайысқа түрлі елдерден 720 спортшы қатысты.


Cуда жүзуден халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар 4 алтын алды

ERNUR.KZ. Беларусь астанасында екі дүркін олимпиада чемпионы Сергей Копляков атындағы суда жүзуден халықаралық турнир басталды, деп жазады prosports.kz.

Сайысқа Беларусь, Ресей, Польша, Германия және Қазақстан елдерінен 720
спортшы қатысты.

Турнирдің алғашқы күні-ақ еліміздің атынан шығып отырған жүзгіштер 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль иемденді.

Қорлан Әмірханова (50 метрге еркін әдіспен жүзу), София Әбубәкірова (200 метрге брасс әдісімен жүзу), Айбек Қамзенов (200 метрге брасс әдісімен жүзу) және Ксения Игнатовалар (400 метрге еркін әдіспен жүзу) алтын жүлдегер атанды.

100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Алина Костенко мен Диана Тасмановалар тиісінше екінші және үшінші орын иеленді.

50 метрге еркін әдіспен жүзуден Михаил Царев күміс жүлде иеленсе, Қаракөз Диниэль қолаға қол жеткізді.