Қазақстан Дания құрамасын 3:2 есебімен жеңген.
ERNUR.KZ. Қазақстандық футболшылар Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінде Дания құрамасын жеңгені үшін қаржылай сыйақы алады. Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Қаржылай сыйақыға келетін болсақ, бізге белгіленген сыйақы мөлшері бар. Алайда футболшылар үшін бұл жеңістің өзі қандай да бір ақшадан қымбат. Себебі біздің команда үшін алдымен халықаралық сарапшылардың, әсіресе, жанкүйерлеріміздің қолдауы мен берген бағасы маңызды», - дейді Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.
Бас бапкердің пікірін «Хабар 24» телеарнасы жариялады.
Айта кетейік, Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы өз алаңында Даниядан 0:2 есебімен ұтылып жатып, соңғы 15 минутта жеңісті жұлып алған. Қорытынды есеп: 3:2.