Данияр Елеусінов мансабына кім тосқауыл болғанын айтты

0
605

31 жастағы спортшы әлемге әйгілі британдық промоутер Эдди Херннен кетіп, Зия Алиевпен жұмыс істей бастады.


Данияр Елеусінов мансабына кім тосқауыл болғанын айтты

ERNUR.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов менеджерлер оның мансабын бұзды деп санайды, деп жазады stan.kz.

31 жастағы спортшы әлемге әйгілі британдық промоутер Эдди Херннен кетіп, Зия Алиевпен жұмыс істей бастады.

Екі жыл ішінде Елеусінов тек бір жекпе-жек өткізді. 2021 жылдың желтоқсанында ол IBO әлем чемпионы белбеуін жеңіп алды. Бірақ оны қорғамағандықтан, титулдан айырылды.

"Бұл – менеджерлерімнің кінәсі. Олар Эддимен жұмыс істеуден бас тартты. Содан кейін олар мені жекпе-жекке шығармады", – деді боксшы.

Соңғы жекпе-жегінде қазақстандық төреші шешімімен аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны (15-3, 4 КО) жеңді.