Допинг дауы: Ауыр атлетика федерациясы ресми мәлімдеме жасады

0
465

Сынама 12 мамырда спортшының Кореяда өткен Азия чемпионатында өнер көрсеткеннен кейін алынды.


Допинг дауы: Ауыр атлетика федерациясы ресми мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. 18 мамырда ҚР Ауыр атлетика федерациясына Қазақстан ұлттық допингке қарсы орталығынан биылғы жылдың 17 сәуірінде қабылданған жарыстан тыс допинг-бақылаудың оң нәтижелері туралы хабарлама келіп түсті. Осылайша, Арли Чонтей, Екатерина Алякина, Денис Полубояринов, Алина Колиушко, Алексей Чуркин және Нұрғиса Әділетұлынан оң нәтиже табылды, деп жазады baq.kz.

2023 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясына Халықаралық тестілеу агенттігінен (ITA) Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының спортшысы Артем Антроповтың допинг-сынамасының оң нәтижелері туралы хабарлама келіп түсті. Сынама 12 мамырда спортшының Кореяда өткен Азия чемпионатында өнер көрсеткеннен кейін алынды.

Бүгінгі күні спортшылар допингке қарсы ережелерді бұзу туралы хабарлама алды. Олардың әрқайсысы бойынша соңғы шешім толық тергеуден кейін қабылданады. Жоғарыда аталған спортшылардың барлығы спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарынан уақытша шеттетілді. Федерация допингке «мүлдем төзбеушілік» саясатын ұстана отырып, оқиғаны тәуелсіз тексеру үшін комиссия құрды, оның құрамына Қазақстан Республикасы мен өңірлердің ҚР ААФ өкілдері кірді. Тергеудің осы кезеңінде екі негізгі нұсқа қарастырылады: ластанған спорттық тамақтануды абайсызда пайдалану және спортшылардың допингті қасақана қолдануы. Тексеру үшін спортшылар дайындық кезеңінде қабылдаған спорттық тамақтану мен витаминдердің үлгілері алынды. Сондай-ақ «Б» үлгілерін қайта сараптамаға ашу жоспарлануда, - делінген хабарламада.

Федерация тергеуден басқа келесі шараларды қабылдады:

уәкілетті органға ерлер мен әйелдер құрама командаларының бас жаттықтырушыларын қызметінен босату туралы өтініштер жолданды;

Допингке қарсы жұмыстарға баса назар аудара отырып, Федерацияның жаңа ұйымдық құрылымы кеңейтілді және бекітілді;

федерацияның жаңа бас хатшысы тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ауыр атлетика федерациясы мен Қазақстан ұлттық допингке қарсы орталығы арасында допингке қарсы тәртіпті нығайтуға және ауыр атлетикада допинг қолданудың барлық жағдайларын анықтауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

ҚР ААФ ҚазДҚҰО бірлесіп ұлттық құрама командасының спортшыларында жарыстан тыс допинг-бақылаулар жүргізуге және допингке қарсы семинарлар өткізуге жүйелі негізде бастамашылық жасайды.