Оның орнына Эрик Дайер 11 метрден доп тепті.
ERNUR.KZ. Англия құрама командасының шабуылшысы Жимми Варди Әлем чемпионатының ширек финалында алаңға шықпауы мүмкін деп, хабарлайды Sky Sports телеарнасы.
3 шілде күні Мәскеуде өткен Англия мен Колмубия арасындағы матчтың қосымша уақытында Варди шатынан жарақат алды. Осыған орай ол колумбиялықтармен өткен пенальтилер сериясында командасының 5 – соққысында орындай алмаған. Оның орнына Эрик Дайер 11 метрден доп тепті.
Осылайша 7 шілде күні Швецияға қарсы өтетін ойында Англия құрама командасының бапкері Гаррет Саутгэйт Жимми Вардиді қосалқы құрамда қалдыруы мүмкін.