Дзюдо: Қазақстандықтар әлем чемпионатының жекелей сынын 2 медальмен аяқтады

0
565

Татамиде бүгін Қазақстан намысын әйелдер арасында Кәмила Берліқаш пен ерлерден Ерасыл Қажыбаев қорғады.


Дзюдо: Қазақстандықтар әлем чемпионатының жекелей сынын 2 медальмен аяқтады

ERNUR.KZ. Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының жекелей сыны өз мәресіне жетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Татамиде бүгін Қазақстан намысын әйелдер арасында Кәмила Берліқаш пен ерлерден Ерасыл Қажыбаев қорғады.

Өкінішке қарай екі балуанымыз да қарсыласына жол беріп, жарысты жүлдесіз аяқтады.

Нақтырақ айтсақ, 78 келіге дейінгі салмақта сынға түскен дзюдошы қызымыз бірінші айналымда қарсыласы нидерландтық Марит Кэмпстан ұтылды.

Ал ерлер арасында 100 келіден жоғары салмақта татамиге шыққан Қажыбаев та алғашқы айналымнан арыға бара алмады. Ол жергілікті балуан Алишер Юусуповтан ұтылып қалды.

Осылайша Қазақстан құрамасы жекелей сындағы жарысты аяқтады.

Енді 13 қазан күні командалық сайыс өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, аталған әлемдік додада Қазақстан намысын 17 балуан (9-ы ерлер, 8-і әйелдер) қорғады.

Нәтижесінде қазақстандық балуандар жекелей сында жарысты 2 қола медальмен аяқтады.

Оның бірін ерлер арасында Ұлттық құраманың көшбасшысы 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Елдос Сметов жеңіп алса, екінші қоланы әйелдер арасында 48 келі салмақта сынға түскен Әбиба Абужақынова еншіледі.

Сондай-ақ, Абужақынова осы жеңісінің арқасында қазақ қыздары арасынан алғаш рет дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері атағына қол жеткізді.