Дзюдо көшбасшысы Елдос Сметов ауруханаға түсіп қалды

0
1 571

Қабырғасы сынған деген болжаммен ауруханаға жеткізілді


Дзюдо көшбасшысы Елдос Сметов ауруханаға түсіп қалды

Фото:Olympic.kz.

ERNUR.KZ. Дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов Джакартада ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Olympic.kz.

Бірінші айналымда қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Елдос екінші кездесуде Солтүстік Корея балуанынан ескрету санымен ұтылған болатын.

Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметовті ауруханаға алып кетті.

«Жаңа ғана Елдосты жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Рентгеннен өткізеді. Екінші белдесу кезінде жарақат алған. Оң жақ қабырғасы сынды деген болжам бар», - дейді дзюдодан Қазақстан командасының дәрігері Наталья Кудашева.

Айта кетелік, Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне де шыққан жоқ.