​"Ел үмітін ақтай алмадым": Талғат Шайкен жанкүйерлерінен кешірім сұрады

0
1 034

Боксшының айтуынша, ол төрешілер тарапынан әділетсіздікке ұшыраған.


​

ERNUR.KZ. Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасының финалында жеңілген Талғат Шайкен қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп жазады Olympic.kz.

Боксшының айтуынша, ол төрешілер тарапынан әділетсіздікке ұшыраған.

"Қазақ елінің үмітін ақтай алмадым. Кешірім сұраймын! Финалда ұтылдым. Төрешілер осымен үшінші рет жеңісімді тартып алды. Бұл боксшыны үш рет жеңсем де, жеңісті бермеді. Өте өкінішті", - деді Талғат финалдан соң.

Еске сала кетейік, Талғат Шайкен 64 келі салмақта жасөспірімдер Олимпиадасының күміс медалін иеленді.